Республика бойынша оқушыларға бөлінген 515 автобустың 101-і қай облысқа жөнелтіледі?

Республика бойынша оқушыларға бөлінген 515 автобустың 101-і қай облысқа жөнелтіледі?

Республика бойынша оқушыларға бөлінген 515 автобустың 101-і қай облысқа жөнелтіледі?
ашық дереккөзі
Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. Оның 101-і Түркістан облысына жөнелтіледі деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ТО Ақпараттық коммуникация орталығының қызметкері Фариза Табылдиева Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп сөмкесіне арналған сөрелермен, есіктері ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен және тағы да басқа қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Қоғамдық көліктер елімізде құрастырылатын болғандықтан, қомақты тапсырыс отандық автоөндіріс саласын дамытуға да үлкен үлес қоспақ» деп жазды ол.