Әлихан Смайылов ресейліктерді жұмыспен қамтуға қатысты пікір білдірді

Әлихан Смайылов ресейліктерді жұмыспен қамтуға қатысты пікір білдірді

Әлихан Смайылов ресейліктерді жұмыспен қамтуға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналыстағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Facebook-тағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, шетел азаматтарына қызмет заң аясында ғана көрсетіледі. "Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда» деп жазды Үкімет басшысы.