Жетісуда ер адам әйелді өлгенше ұрған

Жетісуда ер адам әйелді өлгенше ұрған

Жетісуда ер адам әйелді өлгенше ұрған
ашық дереккөзі
Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып өлтірді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қайғылы оқиғы Қаратал ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде тіркелді. 26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Жәбірленуші өзінің 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің біріне жұмыс істеп, оның малын баққан. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір күн бұрын қонақтарды күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған. Қонақтардың бірінен әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, нәтижесінде әйел соққыдан оқиға орнында көз жұмды. Жәбірленушінің жұбайын полиция қызметкерлері ұстап, қамауға алды. Дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас дерек бір күн бұрын көршілес Ескелді ауданында болды. Онда Қарабұлақ ауылындағы жеке үйлердің бірінен 34 жастағы әйелдің денесі табылды. Жәбірленушінің 45 жастағы жұбайының ұрып-соғуынан қайтыс болғаны анықталды. Өз айғақтарында ер адам әйелінің ішімдік іше бастағанын және үйге қарауды қойғанын мәлімдеді. Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, ол әйелді ұрып-соғуға ұласқан. Тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Жалпы, жыл басынан бері облыс полицейлері 563 отбасылық жанжалды анықтап, жазалады, олардың 97-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Талдықорған қаласының оңалту орталығында ерлі-зайыптылардың әрекеттерінен зардап шеккен 15 әйел мен 34 балаға көмек көрсетілді.