Ресей мектебіндегі атыс: қаза тапқандар саны 17-ге жетті

Ресей мектебіндегі атыс: қаза тапқандар саны 17-ге жетті

Ресей мектебіндегі атыс: қаза тапқандар саны 17-ге жетті
ашық дереккөзі
Ижевск мектебіндегі атыстан он бір бала мен алты ересек адам қаза тапты деп хабарлады елдегі тергеу комитеті.
«Ресей тергеу комитетінің мәліметі бойынша, 17 адам, оның ішінде 11 бала және 6 ересек адам қаза тапты», - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Ресей тергеу комитеті 15 адам, оның ішінде 11 бала көз жұмғанын хабарлаған болатын. 24 адам жарақат алды, оның 22-сі бала. Дүйсенбі күні таңертең 34 жастағы Артем Казанцев Ижевск қаласындағы 88-мектепте оқ жаудырған. Ол күзетшіні өлтіріп, мектепке кірген. Кейін ол өз-өзіне қол салды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі, 222-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Удмуртия билігі үш күнге аза тұту күнін жариялады.