Пәкістанда тікұшақ апатынан 6 әскери адам қаза тапты

Пәкістанда тікұшақ апатынан 6 әскери адам қаза тапты

Пәкістанда тікұшақ апатынан 6 әскери адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Пәкістанның Белуджистан провинциясында әскери тікұшақ апатынан алты адам қаза тапты, оның екеуі жоғары шенді офицер деп хабарлады turkystan.kz. Пәкістан қарулы күштерінің мәліметінше, тікұшақ Харнай аймағында белгісіз себептермен құлаған. Кейінгі 2 айда Белуджистанда осымен екінші тікұшақ апатқа ұшырап отыр. Бұған дейін 2 тамыз күні Белуджистанда генерал-лейтенант Сарфараз Әли бастаған сарбаздар мінген әскери тікұшақ апатқа ұшыраған еді.