Кәсіпкер Ресейден келген қазақтарға жатақханадан орын береді

Кәсіпкер Ресейден келген қазақтарға жатақханадан орын береді

Кәсіпкер Ресейден келген қазақтарға жатақханадан орын береді
ашық дереккөзі
Көпке белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Ресейдегі мобилизациядан қашып келген қазақ қандастарға жатақханадан орын беретінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Соңғы күндері көрші елде орын алып жатқан жағдайлар бізге де ауыр тиіп жатыр. Әскерге жұмылдыру деген сұмдық нәрсе ғой… Әсіресе Орынбор, Омбы, Астрахан өңірлеріндегі майданға жүздеген бауырымызды да алып кетіп жатыр екен. Жасын да... кәрісін де… Обал-ай… Кеткендердің көбісі аман келмейтіні анық қой... Сондықтан біз жігіттермен келген әскер жасындағы қандастарға Астана, Атыраудағы жатақханалардан орын мен тамағын беріп, көмектесейік деп шештік» деп жазды бизнесмен.
Оның айтуынша, көмекке зәру азаматтар Қазақстанға жетсе болғаны.
«Ағайындар, қазір сөз бен дау көп, бірақ көп дауласпай, бауырларымызға қолдау көрсетейік… Осындай жағдайларда бір-бірімізге көмектеспесек, қашан көмектесеміз. Осы жағдайдағы бауырларымыз болса, жекеге жазыңыздар. Қажетті ақпаратты жібереміз», - деп түйінделген автордың жазбасы.