Жаңалықтар

Президент Мұхтар Тілеубердіні Жапонияға жіберді

ашық дереккөзі

Президент Мұхтар Тілеубердіні Жапонияға жіберді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Токиоға жұмыс сапарымен барды деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұхтар Тілеуберді Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимас Хаяшимен келіссөздер өткізді. Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, С.Абэның еліміздің жақын досы болғанын және екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті.