Неге психикалық аурулар күз бен көктемде асқынады?

Неге психикалық аурулар күз бен көктемде асқынады?

Неге психикалық аурулар күз бен көктемде асқынады?
ашық дереккөзі
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында психотерапевт Анастасия Садовская психикалық аурулар неге күз бен көктемде қозатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Анастасия Садовскаяның сөзінше, күзгі және көктемгі асқынудан басқа қысқы және жазғы асқынулар болады. Психикалық ауытқулар барлық маусымда байқалады, бірақ көбінесе көктем мен күзде.
«Қоршаған ортаның сыртқы өзгерістеріне байланысты бірқатар аурулар бар. Бұл - күн сәулесінің төмендеуі, қысқы-көктемгі кезеңде тұтынылатын көкөністер мен жемістер мөлшерінің азаюы. Сонымен қатар D3 витаминінің төмендеуіне байланысты болады. Күз-көктем мезгілінде ауа-райы өзгереді, қысым төмендейді. Бұл кейбір психикалық ауытқулардың өршуінің негізгі себептері», - деді маман.
Психотерапевт өзекті мәселелердің бірі – постковидті синдромына тоқталды.
«Коронавируспен ауырған көптеген адам зардап шекті. Ол - күйзеліс, көңіл-күйдің жоқтығы, алаңдаушылық. Коронавирусқа шалдыққан науқастар иппохондрияға ұшырап, аурудың белгілерін кеңейтті. Бұл синдром мазасыздық - депрессиялық ауытқу ретінде қарастырылады», - дейді Анастасия Садовская.