Көкшетауда жылу тарататын мекеме тариф бағасын қымбаттатады

Көкшетауда жылу тарататын мекеме тариф бағасын қымбаттатады

Көкшетауда жылу тарататын мекеме тариф бағасын қымбаттатады
ашық дереккөзі
Бұл туралы жылу тарататын мекеменің басшылығы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Айтуларынша, тариф бюджеттік мекемелерге -  12, заңды тұлғаларға - 15, ал тұрғындар үшін 20% көтерілмек. Жылу ақысының қымбаттайтынына жұрт қарсы. Халықтың сөзінше, 20% деген аз ақша емес. Ал арнайы есептегіш қондырғысы жоқ үйлердің тұрғындарына тіпті қиын. Себебі олар нақты алған жылу үшін емес, пәтердің аумағы бойынша ақы төлейді.
- Біз 8 мың төлейтінбіз. Бірақ қазір сол 20% көбейтсе, қалтадан қағады. Шамамен 10 мыңға дейін жетіп қалады. Ертең қарапайым халық зардап шегеді деп ойлаймын. Ал жылу беретін мекеменің өз уәжі бар. Сөздеріне сенсек, тарифті көтеруге көмір мен оны тасымалдау ақысының қымбаттауы себеп болған. Айтуларынша, қатты отынның бағасы биыл 30% көтеріліпті. Тіпті былтырдың өзінде біраз шығынға батқан, – дейді қала тұрғыны Сағадат Хамзин.
Аталған жағдайға байланысты «Көкшетау жылу» мекемесі де пікір білдірді.
- 2021 жылдың қорытындысы бойынша, біздің кәсіпорын жылу өндіру үшін бас-аяғы 5,8 млрд теңгеге шығынданды. Ал кіріс 3 млрд теңгеден әрең асады. Бұл біздің қарызға батуымызға себеп болады. Қазірдің өзінде басқа мекемелерге 1 жарым млрд теңге берешекпіз. Сондай-ақ тұрғындар да бізге 120 млн теңге шамасындағы жылу ақысын бермей жүр. Айта кетейін, 25 қыркүйектен бастап қалаға жылу беріле бастайды. Алдымен әлеуметтік нысандар, кейіннен тұрғын үйлер қосылады. Коммуналдық мекеме өкілдері, жылу қазандықтарының бәрін жөндеп, биылғы қысқа сақадай-сай дайын отырмыз, – дейді «Көкшетау жылу» мекемесі бас директорының орынбасары Асқар Нұрмағанбетов.