Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.
Еске салайық, бүгін Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте ер адам қарудан оқ жаудырды. Кейін күдікті өз-өзіне қол салған.