Жаңалықтар

Петропавлдағы қонақүйлерде бос орын жоқ

ашық дереккөзі

Петропавлдағы қонақүйлерде бос орын жоқ

Петропавлдағы қонақүйлер мен жалдамалы пәтерлерде бос орын жоқ. Сондай-ақ туристік демалыс орталықтары, пансионаттар мен басқа да нысандар 100 пайызға толық деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.  Оған - өңірге Ресей азаматтарының келуі себеп. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, қонақүйлер мен жалдамалы пәтерлерде тұрып жатқан тұтынушылардың 50 пайызы көршілес мемлекеттен келген азаматтар. Петропавлдағы темір жол және автовокзалда адам тым көп. Ресейден келіп жатқан азаматтардың көпшілігі тілшілермен тілдесуге құлықсыз. Қазақстанға бас сауғалап келгендердің бірі - Иван Васюков. Мамандығы – адвокат. Айтуынша, Ресейдегі табысы, соған сәйкес тұрмысы да жаман емес. Соғысқа барғысы келмегендіктен көп ойланбай өзге елге кетуді жөн санапты. Біз вокзалға бардық. Адам көп. 4 тәуліктен бері сонда түнеп жүргендер бар. Өйткені бос пәтерлер жоқ. Кеше мониторинг жүргіздік. Пәтерлер бір тәулікке 50-60 мың сұрайды. Такси қызметтері де шетелдік азаматтарды көргенде қызмет ақысының бағасын көтеріп жібереді. Біз оларға қолдан келген көмекті көрсеттік. Қиналғандары көрініп тұр. Бүгін арнайы акция ұйымдастырып, шетелдік азаматтарды тамақтандырып, ыстық бауырсақ апармақпыз.  Демеуші – жастар фронт орталығы, - дейді ерікті Анастасия Волкова.