Зейнеткер онлайн танысамын деп 36 млн теңгесінен айырылды

Зейнеткер онлайн танысамын деп 36 млн теңгесінен айырылды

Зейнеткер онлайн танысамын деп 36 млн теңгесінен айырылды
ашық дереккөзі
Онлайн-альфонс зейнеткерді 36 млн теңгеге алдады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы әйел арызданған. Өз мәлімдемесінде ол әлеуметтік желіден танысқан алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеді. Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленушіге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған. Сонымен қатар «күйеу жігіт» зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген. Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды. Полиция департаменті желідегі ақпаратқа сыни қарауға және мүмкіндігінше фактілерді тексеруге шақырады.