Жаңалықтар

«Жаңбыр балалары»: Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктері

ашық дереккөзі

«Жаңбыр балалары»: Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктері

Билл Гейтс, Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн. Бұл тұлғалардың атын естігенде бірден данышпан адамның бейнесі көз алдымызға келеді. Әрқайсысы тарихта өзіндік із қалдырған жандар. Бірақ бірі білсе, бірі білмес, бұл жандарды тарихтан өзге, ортақ дерт те байланыстырады. Ол дерттің атауы – аутизм. Аутизм – аутистикалық спектрдің бұзылысы (ASD). Бұл - адамның мінез-құлқына, әлеуметтік дағдыларына және тіліне әсер ететін патология. Статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда әрбір 50 баланың 1-еуінде аутизм кездеседі екен. Аутизмнің себебі мен салдары туралы балалар неврологы Лаура Исаева turkystan.kz сайтына берген сұхбатында түсіндірді. [caption id="attachment_197893" align="alignnone" width="1205"] Фото:syrlasu.kz[/caption] «Көп ғалымдар мен зерттеушілер аутизмнің нақты бір себебі жоқ және мүмкін, бұл маңызды факторлар мен қоздырғыштардың жиынтығы деген тұжырымға келді. Түрлі зерттеулер генетика мен аутизм арасындағы маңызды байланысты атап өтті. Жақында жасалған зерттеуде аутизмнің шамамен 83 пайызы генетикаға байланысты екенін анықтады», – деді дәрігер. Лаура Исаева ASD дамуына ықпал ететін ықтимал қауіпті факторларды атады: Аутизммен ауыратын жақын отбасы мүшесінің болуы Генетикалық мутациялар Сынғыш Х хромасома синдромы және басқа генетикалық бұзылыстары Жасы үлкен ата-анадан туған балалар Салмағы аз балалар Метаболикалық баланстың бұзылысы Ауыр металдар мен қоршаған орта токсиндерінің әсері Анамнезінде вирустық инфекциялар Вальпрой қышқылы (Депакин) немесе талидомидолдың (Таломид) ұрыққа әсер етуі (анасы жүкті кезінде осы дәрілерді қабылдауы) Оның айтуынша, бұл аутизмнің себептері емес, аутизм даму қаупін арттыратын факторлар екенін түсіну маңызды. Ата-аналар неге мән беру керек? Бір жасқа дейінгі кезең – баланың анасымен тығыз эмоционалды байланыс құратын кезі. Емізу процесіне аса мән беру керек. Қалыпты жағдайда нәресте тойғанын білдіреді және риза болып жатады. РАС бар балалар тойғанын әлсіз немесе нашар білдіреді. Бала анасының қолында болған кездегі реакциясына мән беру керек. Көбінесе емізгенде және тербеткенде, анасына да баласына да ыңғайлы позаны табу қиын деп жатады. Бала өскен сайын сыртқы ортамен тығыз байланыс жасай бастайды. Балалар неврологының айтуынша, бұл уақытта сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияларын бақылау маңызды. Кері әрекет (жарықты өшіріп, үстел шамын қосқан кезде балада паника болуы мүмкін) Тұрмыстық техника дауысынан қорқу (шаңсорғыш, шәйнек, шап кептіргіш, кір жуу машинасы); Тітіркендіргішке кері реакция (бала құлап қалса реакция бермейді, жыламайды). Күлімдеу – оның уақтылы пайда болуы баланың дұрыс дамып келе жатқанын білдіреді (5-12 аптада). Аутизмі бар нәресте де уақытында күліп бастауы мүмкін, бірақ бұл басқа күлкі. Туыстарына емес, белгілі бір сенсорлық сезімдерге күледі (жарыққа, кытықтағанда, т.б). [caption id="attachment_197889" align="alignnone" width="1204"]