Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді
ашық дереккөзі
2018 жылдан бері онкологиялық аурулардың өлім-жітім көрсеткіші 5 пайызға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бөлім басшысы Гүлнар Мақсұтова «Онкологияның өзекті мәселелері мен заманауи мектептері туралы» халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы барысында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz kursiv.media сайтына сілтеме жасап. Қазақстанда 2018-2022 жылдарға арналған қатерлі ісікпен күресудің кешенді жоспары жүзеге асырылуда.
«Кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру барысында қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімді төмендетудің оң үрдістері байқалады. 2018 жылдан бастап өлім-жітім деңгейі 5 пайызға төмендеді. 2018 жылы өлім-жітімді көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 78,1 құраса, 2022 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 66,8 құрады. COVID-19 жағдайына қарамастан 0-1 сатыдағы онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы артып, 2022 жылы анықталған ерте кезеңдердің үлесі 28,7 пайызды құрады», – деді Гүлнар Мақсұтова.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша, пациенттердің 5 жылдық өмір сүру деңгейі 55 пайызға дейін, яғни 2018 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан.