Израильдің әлемге қосқан 10 ғаламат үлесі

Израильдің әлемге қосқан 10 ғаламат үлесі

Израильдің әлемге қосқан 10 ғаламат үлесі
ашық дереккөзі
Дүние жүзінде адамзат өмір сүру тәртібін барынша жеңілдетуге тырысқан сайын жаңа технологиялар пайда болуда. Осы орайда, израильдықтардың адам өмірін жақсарту үшін біршама жаңалық ашқанын айтуға болады. Turkystan.kz Ави Йориштің «Инноватор бол» кітабынан алынған Израильдің әлемге қосқан 10 үлесін ұсынады. 1948 – Өзін-өзі қорғау жауынгерлік өнері Имре Лихтенфилд қоян қолтық ұрыс дегенді білдіретін «Крав маганы» ойлап тапты. Бұл өзін-өзі қорғау жүйесі айкидо, дзюдо, бокс пен күресті қамтиды. 1955 – Қозғалыс арқылы сезіну Моше Фелденкрайз кеудені тіс ұстауға септесетін («Фелденкрайз әдісі» деп аталған) физиотерапиялық жаттығулар жүйесін жасады. 1958 – Би тілін ойлап табу Ноа Эшкол мен Абраһам Вакман қозғалысты бүкіл әлемде түсіну және қайталау мүмкін болсын деп, революциялық таңбалау жүйесін жасап шығарды. Қозғалыс тілімен би, физикалық терапия және хайуан мінез-құлқын жазуға болады. 1979 – Компьютердің супер чипі Intel Haifa дербес компьютердің Intel 8088 бірінші микропрцессорын шығарды. 1987 – Құс пен ұшақ соқтығысуының алдын алу Радар  дельтаплан мен құс қарауылдары желісі көмегімен Иосси лешем Израиль үстінен жыл сайын ұшып өтетін бір миллиард құстың дәл картасын жасады. Оның зерттеуі құс пен ұшақ соқтығысуы көрсеткішін 76 пайызға азайтып, 1 млрд долларға жуық қаражат үнемдеді. 1989 – Флешка Доктор Дов Моран DiskOnKey деген әлемдегі бірінші флешканы ойлап шығарды. Бұл құрылғы дискета немесе СD-ден кіші, жылдам әрі сақтау орны да әлдеқайда үлкен. 1998 –  Қызылиек ауруын емдеу АҚШ-тың өнім мен дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы ересектер пародонтитін  тежейтін алғашқы сіңіп кететін PerioChip жеткізу жүйесі қолданысын мақұлдады. Майкл Фридман, Маукл Села, дорон Стейнберг пен Обри Соскольный жасап шығарған PerioChip қызыл иектегі перидонт қалташаларына тікелей енгізіледі. 2001 – Омыртқаға хирургиялық операция жасайтын робот Mazor Robotics құрылтайшылары Моше Шохам мен Эли Зехави омыртқаға жасалатын процедураларға ғылым жетістіктерін қолданған басқару жүйесін жасап шығарады. Mazor Robotics компаниясының революциялық технологиясы арқасында дәрігер операция алдында науқасқа КТ жасатып, омыртқаның үш өлшемді сызбасын жасап алады. Сөйтіп медицина персоналы операцияны жоғары дәлдікпен жоспарлайды. 2004 – Ауруханадағы ақылды төсек Доктор Данни Ланж, Иосси Гросс, доктор Гай Шинар мен авнер Халперин аурухана матрацын ақылды төсекке айналдыратын сенсорлық панель ойлап тапты. Көлемі iPad шамасындағы құрылғы пациенттің жүрек қағысы, тыныс алу жиілгі, ұйқы кезеңдері мен қозғалысын бақылап, жинаған мәліметті смартфон қосымшасына жіберіп отырады. 2011 – Қолды қажет етпейтін смартфон Одед Бен-Дов пен Гиора Ливне қолын пайдалануы шектеулі адамдарға арналған әлемдегі алғашқы смартфон Sesame Phone смартфонын жасап шығарды.