Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

ашық дереккөзі

Оқу-ағарту министрлігі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты деп хабарлады turkystan.kz. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қоңырау қабылдайды. Өңірлік Білім басқармалары бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден Білім басқармаларына жіберіледі. «Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті. Көбінесе азаматтарды балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады. Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыруға қатысты», - делінген хабарламада.