Жаңалықтар

Қазақ баласы 48 сағатта фильм түсіріп, АҚШ-қа жолдама ұтып алды

ашық дереккөзі

Қазақ баласы 48 сағатта фильм түсіріп, АҚШ-қа жолдама ұтып алды

Күні кеше дәстүрлі түрде өтетін халықаралық деңгейдегі «48hfr» жобасының 2022 жылғы жеңімпаздары белгілі болды. Әлемдік байқауда қазақстандық режисер Ықылас Тұрсынбекұлы бас жүлдені иеленіп, АҚШ-тың New York Film академиясына жолдама жеңіп алды. Turkystan.kz тілшісі «48hfr» жобасының жеңімпазымен сұхбаттасып, шетелде өткен жарыс туралы сұрады.  - Айтулы жеңісіңіз құтты болсын! АҚШ-тағы кино жарысының ерекшелігі неде? Байқауға қанша елден режиссер келді?  - Бұл байқау қазіргі сәтте ТМД елдерін қамтитын, халықаралық режиссерлердің бәйгесі. Тек қана Қазақстаннан емес, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерінің де кіл мықты 500-ге жуық режиссерлері қатысқан ауқымды кино жарысы. Жарыстың ерекшелігі қатысушылар 48 сағат ішінде фильм түсіруі қажет. Яғни жарыс басталған сәтте ұйымдастырушылар тарапынан тапсырмалар беріледі және сол тапсырмалар ережесі қысқаметражды фильмді түсіру барысында сақталуы тиіс. Мысалы, осы жылы кадрда ақ парақ және жүрек формасындағы кез келген деталь болуы керек болды. Сондай-ақ көк киім киген ер адам немесе қызыл киім киген қыз баланың кадрда болуы қажет екені айтылды. Осы ережелерден соң ешкімнің фильмді алдын ала түсіріп ала алмайтыны анық болды. Барлығына берілген бірдей уақыт – 48 сағат. Байқаудың атауы да «48hfr» деп аталады.  - Не үшін? - Себебі ережелердің ішіндегі «Әлем – бұл…» деп жалғастыру керек ойды актер/актрисалардың біреуі айту керек екен. Ал біз оны тек көліктен шыққан радио дауысы ретінде қолданған болатынбыз. Яғни кадр ішіндегі емес, кадр сыртындағы дауыс ретінде. Ал ол болмаса, жарыс ережесін бұзып тұрмыз. Қысқасы, қыздың рөлін ойнаған актрисаны шақырып, оның жігіті ретінде актер тауып, ойнатып жіберу болды. Таңғы 6-да актрисаны офисқа шақырдық. Ал оған енді жігіті ретінде актер табу керек. Таңда кімге «актер бол» деп ұсыныс айтасыз... Ақыры өзіміздің командадағы жігіттердің біріне қолқа салып, ол келісіп, 5 секундтық кадрды түсірдік де, 9:59-да ұйымдастырушыларға фильмді жібердік.  Сол кездегі қуанышты, үстімізден жүк түскендей болған сезімді айтып жеткізе алмаймын.