Үндістан мәдениетінің күндері аясында AKAM фестивалі өтеді

26 қыркүйек, 2022 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Үндістан мәдениетінің күндері аясында AKAM фестивалі өтеді Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығы (SVCC) AKAM мерекесін әрі қарай жалғастыра отырып, 2022 жылдың 28-30 қыркүйегінде Астанадағы «НАЗ» мемлекеттік би театрында Үндістан мәдениетінің 3 күндік AKAM фестивалін ұйымдастырады. Фестивальде Қазақстанның түрлі қалаларынан үнді мәдени ұжымдарының үнді/қазақ билері мен музыкалық қойылымдары болады. Фестивальдің кестесі төменде көрсетілгендей:  2022 жылғы 28 қыркүйекте сағат 18.30-да  «ШАКТИ» би тобы, Қостанай қ.,  Айнұр Өтешова ханымның жетекшілігімен «НРИТЬЯ ШИЛЬП» би тобы, Шымкент қ., Нұргүл Әмірбекованың жетекшілігімен. 2022 жылғы 29 қыркүйекте сағат 18.30-да  «Еркелер» би тобы,  Теиіртау қ,. Ақмарал Әбдуахитова ханымның жетекшілігімен «Натараджа» би тобы, Арқалық қ, Әйгерім Оссипованың жетекшілігімен.  2022 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.30-да SVCC би және музыка тобы, Астана қ., Видьягаури Хемант Адкар ханым және Правин Кумар Дубейдің жетекшіліктерімен NOMAD хореография академиясының тобы, Астана қ,. Айнагүл Нұрғазинаның жетекшілігімен.