Жыл басынан бері елімізге қанша шетел азаматы көшіп келді?
Жыл басынан бері елімізге қанша шетел азаматы көшіп келді?
Жыл басынан бері Қазақстанға 4 млн 399 мың шетелдік келді. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов ІІМ баспасөз қызметіндегі брифинг барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Аслан Аталықовтың айтуынша, әлемде, оның ішінде Қазақстанда екі жылдан астам уақыт бойы көші-қон процесі коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалған. Қазақстанда көшіп кету мен көшіп келу үшін жаңа есеп нүктесі 2022 жылғы 11 сәуірде басталды.
«Жыл басынан бері елімізге 4 млн 399 мың шетелдік келді. Оның ішінде: Ресейден - 1 млн 700 мың, Өзбекстаннан 1,5 млн, Қырғыз Республикасынан - 547 мың, Тәжікстаннан 200 мыңнан астам адам. Осы уақыт ішінде Қазақстаннан 4 млн 155 мың шетелдік кетті. Оның ішінде Ресей Федерациясының 1 млн 666 мың азаматы, 1 млн 370 мың Өзбекстан азаматы, 540 мың Қырғыз Республикасы азаматы, 196 мың Тәжікстан азаматы», - деді Аслан Аталықов.