Шекарадан заңсыз өтпек болған шетел азаматтары ұсталды

Шекарадан заңсыз өтпек болған шетел азаматтары ұсталды

Шекарадан заңсыз өтпек болған шетел азаматтары ұсталды
ашық дереккөзі
Шекарадан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп, шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Олар Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғанын айтқан.
 «Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз», - деп жазылған хабарламада.