Ақтаудағы «Ақбота» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтаудағы «Ақбота» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтаудағы «Ақбота» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды
ашық дереккөзі
Ақтаудағы «Ақбота» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды деп хабарлады turkystan.kz  қала әкімдігіне сілтеме жасап. Саябақтың сенімді басқарушысы Rent service 2018 ЖШС Ақтау қаласының әкімдігіне паркті мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде өтініш білдірді. Қазіргі уақытта жасалған келісімшарттың күшін жою жұмысы жүріп жатыр. Қосымша келісім жасалғаннан кейін «Ақбота» паркі Ақтау қаласы әкімдігі меншігіне қайтарылады және оған Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қызмет көрсететін болады. Саябақтың инфрақұрылымын дамыту үшін Rent service 2018 ЖШС 25 млн теңге инвестиция құйды. «Бұл қаражат паркте тамшылатып суару жүйесін жүргізуге, сыйымдылық пен таймерді орнатуға, бүкіл жарық шамдарын энергия үнемдегіш шамға ауыстыруға бағытталды. Күнделікті тазалау жұмыстарын да біз жүргіздік. Қураған ағаштарды жинап алып, «Ақбота» саябағында жасыл желекті ретке келтірдік», - деді Rent service 2018 ЖШС басшысы Әбдімәлік Алеудин.