«Алматы марафонының» 47 жастағы қатысушысы қайтыс болды

«Алматы марафонының» 47 жастағы қатысушысы қайтыс болды

«Алматы марафонының» 47 жастағы қатысушысы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Алматы марафонының қатысушысы, 47 жастағы Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткеннен кейін қайтыс болды. Бұл туралы марафонды ұйымдастыру комитеті мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Оқыс жағдай сағат 09.35-те орын алды. Рүстем 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті, тіркелу кезінде оған 8743 нөмірі бұйырған», - деді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.
Жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, марқұм Республика алаңындағы мәре сызығын кесіп өтіп, бірнеше метр қадам басқаннан кейін бірден құлап түскен.
«Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай» еріктілері көрсетті, ары қарай жүрек-өкпе реанимациясы (тікелей емес жүрек массажы, ауа өткізгішті пайдаланып Амбу қапшығымен тыныстату, бірнеше рет дефибрилляция жасау, адреналин инъекциялары) қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Бастапқыда жүрек іске қосылып, синус ырғағы пайда болды, бірақ 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта ұстады. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның соңғы 10 минуты жедел жәрдем көлігінде жасалды. Сағат 10:15-те кісі өлімі тіркелді. Ресми себебін сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана атауға болады», - деді Оразбек Сахов.
Марқұмның жақындарының айтуынша, ол жүгіру жарысына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Сәуір айында Алматы жартылай марафонына, 2021 жылғы Алматы марафонына да қатысып, 10 шақырым қашықтыққа жүгірген. Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Олар марқұмның денесін Астана қаласына тасымалдауға көмектесетіндерін жеткізді.