Ақмола облысында жол апаты болып, 3 адам жанып кетті

Ақмола облысында жол апаты болып, 3 адам жанып кетті

Ақмола облысында жол апаты болып, 3 адам жанып кетті
ашық дереккөзі
Ақмола облысында жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды және 2 адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 24-інде «Степногор - Заводской» жолында болған.
«Анықталғанындай, Заводской бағытында жүріп бара жатқан Lada Kalina көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Nissan Teana көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Lada Kalina көлігі өртеніп, жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Ал, Nissan Teana көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Степногор қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деді ведомстводан.
Департаменттің баспасөз қызметінің ақпаратынша, қазір бұл дерек ҚК-тің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.