Бейсенбі, 8 Желтоқсан, 2022

Бурабайдағы таудың 800 метр биіктігінде өрт тұтанды (ВИДЕО)

Ақмола облысында өрт сөндірушілер Көкшетау тауының биігінде тұтанған өртті сөндіріп жатыр. Тілсіз жаумен күресу үшін тікұшақ жұмылдырылды деп хабарлады turkystan.kz.

Көкшетау тауындағы өрт 25 қыркүйекте тұтанған.

«25 қыркүйекте таңертең жедел кезекшінің пультіне «Бурабай» МҰТП аумағындағы «Көкшетау» тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Нақтыланған мәліметтер бойынша, өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және «Бурабай» МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті.

«Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша тұтануды жедел жою үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды, ол да жану орнына бет алды», – делінген ведомство хабарламасында.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button