Димаш Құдайберген Almaty Arena кешенінде фанаттарымен кездесті

Димаш Құдайберген Almaty Arena кешенінде фанаттарымен кездесті

Димаш Құдайберген Almaty Arena кешенінде фанаттарымен кездесті
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген Алматыдағы алғашқы «Stranger» ауқымды жеке концертінен кейін Almaty Arena кешенінде жанкүйерлерімен кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Кездесуге әлемнің түрлі елінен әнші өнеріне тәнті жанкүйерлері көп жиналды. Мұндағы көңіл күй керемет болды. Тыңдарманға Димаш пен оның достары осы кездесу үшін арнайы дайындаған қызықты бағдарлама ұсынылды. Ән де айтылды, ерекше сыйлықтар ұтысы да болды. Кеш жүргізушілері – танымал шоумендер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек кездесуді сұхбат түрінде өткізді. Әнші Алматыдағы алғашқы концертінен және Рим Папасымен кездесуден алған әсерімен бөлісті. Әр жылдары сахнада ұшыраған қызықты оқиғаларын айтып, сырын да жасырмады. [caption id="attachment_197775" align="alignnone" width="1202"]Димаш фото: kazinform.kz[/caption]
«Кешегі концертімнің әр секунды есімде. Бұл өте керемет кеш болды. Жанкүйерлерімнің қолдауын қатты сезіндім», - деді Димаш.
Осы кездесуге Болгариядан арнайы келген Анджела есімді алты жасар балақайдың сахнадағы қылығы көпшілікті сүйсінтті. Кішкентай тыңдарман сүйікті әншісін қатты құшақтап, ұзақ уақыт жібермеді. Жиналғандардың дені Димаштан ән айтып беруді, кейбірі тіпті Әнұранды орындауын сұрады. Ақсақалдардың бірі әншінің шығармашылығына ризашылығын білдіріп, оның неге күзетсіз жүретінін сұрады. Димаш өзін қауіпсіз сезінетінін, сондықтан күзеттің қажеттілігі жоқ деп санайтынын жеткізді. Алайда, өзге елдерге барғанда секьюрити қызметін пайдаланатынын айтты. [caption id="attachment_197776" align="alignnone" width="1202"]Димаш фото: kazinform.kz[/caption] Фанаттардың бірі жеке өмірі туралы сұраған еді, бірақ әнші бұл сауалды жауапсыз қалдырды. Жүргізушілер сахнаға әншінің ата-анасын шақырды. Олар Димаш туған күнді еске алып, оның балалық шағы мен қызығушылықтары туралы әңгімеледі. Әкесінің айтуынша, «Димаш шығармашылық жолын таңдамағанда, кәсіби футболшы болуы мүмкін еді». Әншінің жанкүйерлері онымен суретке түсіп, автограф алды. Сондай-ақ, сыйлық берген қыздар да болды. Кездесу соңында Димаш ата-анасына, туғандарына қолдаулары үшін, фанаттарына жаңа жетістіктерге шабыттандыратындары үшін алғыс білдірді. Достары, әріптестері мен командасына рахмет айтты. Қазақстандықтарды туған тілі мен жерін сүюге, құрметтеуге шақырды. Барша жиналғандарға денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Сондай-ақ, кездесу барысында «Бір аспан тарихы» композициясына түсірілген әлемдегі ең қымбат бейнебаян көрсетілді. Туынды түсіріліміне 300 адам қызмет еткен. 12 минуттық еңбек Жер шарындағы адамдардың бірлігін дәріптейді. Бұл жоба бойынша жұмысты Димаш Құдайбергеннің өзі үш жыл бұрын бастаған.