Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады

Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады

Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде кеше Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Көшедегі бейнебақылау камераларынан алынған видеодан белгілі болғандай, атыс Қарағандының оңтүстік-шығысында Тәттімбет көшесінде басталған. Видеода ВАЗ 2114 автокөлігінде болған шабуылдаушылар BMW X6 көлігіне оқ ата бастағаны көрінеді. Бұған қоса, ВАЗ 2114 жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп, тұрақтан жолға шығып, ізін суытпақ болған. Осы кезде екінші көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнеледі. Осы уақытта оқ астында қалған жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнелген. Тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлерді ұстауға тырысқан полиция қызметкері жарақат алды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеуге алынды.