Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

«Қазақстанды Димаш арқылы таныдық»: концертке келген шетелдік жанкүйерлердің әсері

23 қыркүйек күні Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концертіне өте көп шетелдік тыңдармандар арнайы ұшып келді. Олардың көпшілігі Қазақстан туралы әсерлерін айтып, бөлісті деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

«Иенің есімім Науко. Жапониядан келдім. Бұл менің Қазақстанға екінші рет келуім. Бірінші рет 2019 жылы астанада өткен концертке келгенмін. Осыған дейін Нұр-Сұлтанда, Ақтөбеде, Алматыда болдым. Алматыға Димаштың коцертіне арнайы келдім», – дейді жапониялық әйел.

«Димаш – мен үшін әлемдегі ең ұлы әнші. Оны сүйіп тыңдаймын. Өте қатты жақсы көремін. Ән салғанын алғаш тыңдағанда ондай дауысты бұрын-соңды ешқашан естімегінімді түсіндім. Оның дауысы мені бақытты етті… Ерекше тебірентті. Жалпы, барлық эмоциямды сыртқа шығарды. Мен оны жақсы көремін. Теңдесіз әнші», – деді әншінің АҚШ-тан келген жанкүйері.

«Димаш – мен үшін өте талантты тұлға. Ғажап әртіс. 61 жасқа келсем де Димаш сияқты ән салатын жанды кездестірмедім», – деді Малайзиядан келген тыңдарман.

«Димаш ғажап вокалист. Жер бетіндегі ең үздік әнші», – дед австралиялық азамат.

Сондай-ақ Жапониядан келген бірқатар тыңдарман Қазақстанды Димаш арқылы танып, алғаш рет келіп тұрғандарын айтты.

«Біз Қазақстанды Димаш арқылы таныдық. Ол біздің кумирімізге айналды. Концерт үшін алғаш рет Қазақстанға келіп тұрмыз. Димаштың арқасында Қазақстанды өзіміз ойлағандай керемет ел екенініе көз жеткіздік», – дейді олар.

Еске салсақ, Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өтті. Бұл – Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті.

Сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button