Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

«Ақтау теңіз порты» кеден бекеті басшысының орынбасары қамауға алынды

«Ақтау теңіз порты» кеден бекеті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Аstana TV-ға сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты іс жүргізуде, деп хабарлады облыс прокуратурасы. Сотқа дейінгі тергеу «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша бірнеше рет пара алуы» бабы бойынша басталды.

Ақшаны декларанттардың кедендегі өкілдерінен алған. Қанша сома екені белгісіз.

Басты күдікті екі айға қамауға алынды.

«Тергеу барысында кеден бекеті басшысының орынбасары әшкереленді. 10 қыркүйекте сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта тергеу органы қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде», – деді Маңғыстау облысы прокуратурасының аға прокуроры Әсет Бекқайыров.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button