Алматыда Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш-тақта орнатылды

Алматыда Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш-тақта орнатылды

Алматыда Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш-тақта орнатылды
ашық дереккөзі
Алматыда Қазақстанның халық әртісі, әнші-сазгер Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне арналған мемориалдық-ескірткіш-тақта ашылды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Белгілі әнші ұзақ жыл бойы Байсейітов көшесіндегі №42 үйде тұрды. Берекелі шаңырақта ұрпағын өсіріп, өнерін өрістетті. «Ескірмеген махаббат», «Айналайын», «Асыл жар» сында лирикалық әндерін осы жерде жазды. Сазгерді еске алуға арналған іс-шараға замандастары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен ет-жақындары жиналды. Қазақ өнерінің дамуы жолында ерен еңбек сіңірген Ескендір Хасанғалиев 200-ден астам әннің авторы. Оның «Атамекен», «Әдемі-ау» атты туындылары халық арасында кең тараған. Сазгер былтыр 81 жасында өмірден өтті. Артында мәңгі өшпес, мол мұра қалдырды.