Отандасымыз велоспорттан Әлем біріншілігінде алтын алды

Отандасымыз велоспорттан Әлем біріншілігінде алтын алды

Отандасымыз велоспорттан Әлем біріншілігінде алтын алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Евгений Федоров Воллонгонгтағы тас жолда велоспорттан Әлем чемпионы атанды. 23 жасқа дейінгі шабандоздар арасында оған тең келер ешкім болған жоқ деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Евгений Федоров 169,8 км топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.

Күміс медальді Чехия өкілі Матиас Вачек алса, Норвегиядан келген Сорен Вереншельд үздік үштікті түйіндеді.

Велоспорттан 2022 жылғы әлем чемпионаты 25 қыркүйекте ерлер арасында топтық жарыспен аяқталады.