Димаштың Алматыдағы концерті қалай өтті?

Димаштың Алматыдағы концерті қалай өтті?

Димаштың Алматыдағы концерті қалай өтті?
ашық дереккөзі
Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өтті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл - Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті.
«Бұл концертті осындағы ағайынға, жерлестеріме алғаш беріп отырмын. Ол тіпті мен үшін емтихан десем де болады. Сонымен қатар, сіздердің көңілдеріңізден шығып, баталарыңызды алу үшін алғаш рет осында келіп тұрмыз. Жалпы, мен 15 жасымда дәл осындай лық толы стадионда халықпен бірге ән орындасам деп армандайтын едім. Сол арманым сіздердің арқаларыңызда орындалып жатыр»,- деді әнші концерт алдында.
Концертте Димаш Құдайберген бұрыннан айтып жүрген әндерімен қатар, жаңа туындыларды да орындады. Сонымен қатар Димаш туған інісі Әбілмансұр Құдайбергеннің сөзіне жазылған әнді сахнаға алып шықты. Концертте халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі өнерлерін ортаға салды. Шоуға жиналған халық Димашпен бірлесе әндер орындады. Концертте, сондай-ақ, қобыз, домбыраның тарихынан сыр шертетін бейне роликтер көрсетілді. Шоу барысында Димашты өзінің бэнд-тобы сүйемелдеді.