Оралда көлікпен адам қаққан полицей қашып кеткен
Оралда полиция капитаны адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты 18 қыркүйекке қараған түні Бауыржан Момышұлы көшесінде болған. Ер адам дәрігерлер келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.
"Бізде жедел-іздестіру іс-шаралары басталды, 345-баптың 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" және 347-баптың "ЖКО орнын қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, бірақ біз оны анықтап, ұстадық. Ол ішкі істер органдарының қазіргі қызметкері болып шықты", - деді Ерлан Жақсыбаев.
Полицейдің көлігі айып тұрағына жеткізілді.