Сирия жағалауында 71 мигрант суға батып кетті

Сирия жағалауында 71 мигрант суға батып кетті

Сирия жағалауында 71 мигрант суға батып кетті
ашық дереккөзі
Заңсыз мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 71 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Ливанның көлік министрі Али Хамиенің мәлімдемесіне сүйеніп. Оның айтуынша, қайғылы оқиға 22 қыркүйекте Сирияның Тартус қаласының жағалауында болған. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында судан 71 адамның мәйіті шығарылған. 20 адам аман қалған.