Универсиада жеңімпаздары қанша сыйақы алады?

Универсиада жеңімпаздары қанша сыйақы алады?

Универсиада жеңімпаздары қанша сыйақы алады?
ашық дереккөзі
Санаулы күннен соң Алматыда алауы жағылатын байрақты бәсеке – 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада ойындарында қатысатын ел спортшыларына артылған үміт көп. Осы орайда, көпшілік жарыс жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі деген сауалдың жауабын білгісі келеді. Алматы төрінде жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген спортшыларға 15 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Ал жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінгендерге 10 мың АҚШ доллары бұйырса, үшінші орынға тұрақтаған спортшылар 5 мың АҚШ долларына иелік етеді. Айта кетейік, Универсиада ойындары 29 қаңтар басталып, 8 ақпан күні өз мәресіне жетеді.