Қазақстанның 5 аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 5 аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 5 аймағында дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел батыстан соғады деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Осы күні Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының басым бөлігінде де жоғары өрт қауптілігі сақталады. Ал Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа дейін соғады. 24 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15 м/с.