Новак Джокович Астанадағы турнирге қатысады

Новак Джокович Астанадағы турнирге қатысады

Новак Джокович Астанадағы турнирге қатысады
ашық дереккөзі
«Үлкен дулыға» турнирінің 21 мәрте чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович Астанада 1-9 қазанда өтетін ATP 500 жарысында ойнайды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, сербиялық спортшы 23-25 қыркүйекеті Лондонда өтетін Лэйвер кубогына қатысады. Сосын Израильда болатын АТР 250 турниріне аттанады. Кейін Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың арнайы шақыртуымен Новак Джокович Астанаға келеді. Сонымен қатар Astana Open додасында «Үлкен дулыға» турнирінің әр жылғы чемпиондары Карлос Алькарас, Даниил Медведев, Марин Чилич , Станислас Вавринка және Энди Маррей өнер көрсетеді. Сондай-ақ тізімде Стефанос Циципас, Андрей Рублев, Хуберт Хуркач, Янник Синнер, Феликс Оже-Альяссим, Диего Шварцман, Карен Хачанов, Роберто Баутиста Агут, Григор Димитров, Гаэль Монфис және тағы басқалары қатысады Жұптық сында да мықты ойыншылар жеткілікті. «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпаздары: Джо Солсбери, Раджив Рам, Нил Скупски, Весли Колхоф, Жан-Жюльен Ройер, Марсело Аревало, Олимпиада чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павич, колумбиялықтар Роберт Фарах – Хуан Себастьян Кабаль кортқа шықпақ..