Жаңалықтар

«Ұлы дала жорығы»: бес күндегі нәтиже қандай?

ашық дереккөзі

«Ұлы дала жорығы»: бес күндегі нәтиже қандай?

22 қыркүйекте «Ұлы Дала Жорығы» республикалық бәйге марафонының бесінші кезеңінде шабандоздар 500-ге жуық шақырымдық межені аяқтап, Ұлытау облысы Жошы хан кесенесінің басына аялдады. Марафон-бәйгенің бесінші күнінің қорытындысы бойынша алғашқы үздік үштіктің қатарында Ақтөбе командасы 43 сағат 46 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Шымкент қаласының шабандоздары 44 сағат 25 минутта мәреге екінші болып жетті. Ал Маңғыстау облысының командасы 44 сағат 39 минутта үшінші орын болып келді. «Марафоншылар бүгін Жезқазған – Қарағанды трассасы арқылы жолға шығып, алдағы кезеңдерде күн сайын толық 100 шақырым жүретін болады. Осыған дейін Сарыарқаның бойымен тастақты жермен келген болсақ, Жезқазғаннан ары қарай Бетпақдала басталады. Жер бедері құмды, топырақты келеді. Климаты қатаң, шөлейт, су жоқ десе де болады. Соған қарай су мен шем-жөп жайын жетерліктей қамдап алдық. Негізі, жолдың тең жартысын басып өттік. Алда жол қиындай түседі, күн ысиды. Бірақ Қаратаудың етегіне жетіп алсақ, табиғаты ерекше жер», - деді ол. Шабандоздар командаларымен бірге әр өңірдің атбегілері мен бапкерлері де 500 шақырымдық жолды басып өтті. Озып келе жатқан команданың жақсы көрсеткіші – тұлпардың жүйріктігі мен шабандоздың шеберлігінен ғана емес, атбегі мен бапкердің қажырлы еңбегінің нәтижесі.