Жаңалықтар

Семейде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған марафон басталды

ашық дереккөзі

Семейде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған марафон басталды

«Семей – Бөрілі: жастар жалыны Жаңа Қазақстанға» ультрамарафонын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Alikhan Bokeikhan University-мен бірлесіп ұйымдастырды. Оның мақсаты – қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын насихаттау, сондай-ақ қоғам назарын салауатты өмір салты мен бұқаралық спортқа аудару. Марафонның басты қатысушысы –Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Рамазан Салықжанов ультрамарафонды Мұхтар Әуезов атындағы алаңнан бастады. Жүгіру бағыты Семей қаласынан атақты жазушы дүниеге келген жер Бөрілі ауылына дейін созылады. Рамазан Салықжанов 85 шақырым қашықтықты 9 сағатта алғаш рет еңсеріп, өзінің жеке рекордын орнатуды жоспарлап отыр. Бұған дейін спортшы Шымкент марафонында бір жарым сағат ішінде 21 шақырым жүгірген болатын. Марафонға ЕҰУ оқытушысымен бірге алғашқы 10 шақырымда студенттер де жүгірді.