Шымкентте 2 қабатты үй құлап, 1 адам мерт болды

Шымкентте 2 қабатты үй құлап, 1 адам мерт болды

Шымкентте 2 қабатты үй құлап, 1 адам мерт болды
ашық дереккөзі

Шымкентте 2 қабатты тұрғын үй опырылып түсті. Үйіндінің астында қалып қойған бір адам мерт болды, деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Baq.kz.

8 қаңтар күні сағат 03:55-те ОҚО ТЖ департаментінің шұғыл кезекшілеріне алдын ала газ-ауа қосындысының жарылысынан барақ тәрізді салынған 2 қабатты жеке тұрғын үйдің опырылып құлауы туралы хабар келіп түскен.

Сағат 04:07-де оқиға орнына бірінші болып жеке құрамында 11 адам және 2 техникасы бар жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі келіп жеткен. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде үйіндінің астынан 4 адам шығарылып, олардың 3-і ауруханаға жеткізілген, 1 адам ауруханаға барудан бас тартты.

 Сағат 04:25-те үйіндінің астынан 2015 жылғы сәби, сағат 04:28-де оның әкесі шығарылды. 4 минуттан кейін анасының өлі денесі табылған.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ОҚО ТЖ департаментінің 23 адамы және 3 техникасы, жедел-құтқару жасағының 44 адамы және 6 техникасы (оның ішінде 3 қызметтік итімен 3 кинологиялық есеп, 1 медикалық-психологиялық қызмет), Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 17 адамы және 4 техникасы, Медициналық апаттар орталығының 3 қызметкері, 16 адам және 4 техникасымен жедел медициналық қызметкерлер тартылған.

ОҚО Ішкі істер департаментінің 30 қызметкері оқиға орнында қоршау жұмыстарын қамтамасыз етіп, энергетика және газ шаруашылығы қызметінің 4 қызметкері электр қуатын және газды ажырату жұмыстарын жүргізді.