Сейсенбі, 29 Қараша, 2022

Алматы полициясы Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады

Алматы полициясы концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ПД-нің қызметтері мен бөлімшелерінің 2,5 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл – тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға. Сондықтан оны дүрбелеңсіз, бейберекетсіз және ешқандай құқықбұзушылықтарсыз өз деңгейінде өткізу өте маңызды. Полиция қызметкерлері концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына көліктерді қоюға тыйым салынғанын ескертеміз. Осыған байланысты қонақтарды көліктерін алдын ала тұраққа қоюға, қосалқы көшелерді пайдалануға және кептелістерді болдырмау үшін олардың бағытын алдын ала реттеуге шақырамыз. Концерт кезінде өзін-өзі ұстау мәдениетіне, алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салуға ерекше назар аударамыз. Аға буын жанкүйерлері мен балалары бар әйелдерге құрмет көрсетуге шақырамын», – деді Алматы қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button