Омар Жәлел бастаған «Қазақ билері» үндеу жасады (ВИДЕО)

Омар Жәлел бастаған «Қазақ билері» үндеу жасады (ВИДЕО)

Омар Жәлел бастаған «Қазақ билері» үндеу жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде өздерін «Қазақ билері» деп атаған бір топ қазақстандықтың Ресеймен арадағы шекараны жабуды талап еткен видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбада ер азаматтар Мемлекет басшысына үндеу жасаған.
«Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза! Қазақ билері алқасының атынан үндеу жариялаймыз. Құрметті Президент мырза! Көрші Ресейдегі мобилизацияға байланысты Ресей тұрғындары қазақ жеріне ағылып келуде. Оған куә -  шекарадағы ұзақ кептелістер. Бұл қалыптасқан шетін жағдай Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ішкі тұрақтылығына, экономикасына кері әсерін тигезеді деген алаңдаушылықпен сізден шекараны жабуды сұраймыз. Шекара жабылсын!» - делінген видеода.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)