Қазақстандық спортшы Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық спортшы Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық спортшы Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz. Жарыстың жетінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 51-орында тұрған финляндиялық Эмил Руусувуоримен кездесті. Бірінші партияда тай-брейкте Эмил Руусувуори басым түсті - 7:6 (7:4). Екіншісінде Бублик есе қайырды - 6:4. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші 3:1 есебімен алға шықты. Александр Бублик матчты жеңіспен тәмамдады - 6:3. Екі сағат 14 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Франциядағы турнирді жеңіспен бастағанын хабарлаған болатынбыз. А. Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, даниялық Хольгер Руне немесе рейтингте 61-сатыдағы франциялық Бенджамин Бонзидің біреуімен таласады.