ҰҚШҰ Алматы мен Жамбыл облыстарында оқу-жаттығу өткізеді

ҰҚШҰ Алматы мен Жамбыл облыстарында оқу-жаттығу өткізеді

ҰҚШҰ Алматы мен Жамбыл облыстарында оқу-жаттығу өткізеді
ашық дереккөзі
26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығуы өтеді деп хабарлады turkystan.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осыған байланысты 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді», - деп мәлімдеді министрлік.
Әскери техниканың қозғалысы темір жол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Әскери контингенттер қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.