Бас бапкер Қазақстан құрамасының жеңісіне қатысты пікір білдірді

Бас бапкер Қазақстан құрамасының жеңісіне қатысты пікір білдірді

Бас бапкер Қазақстан құрамасының жеңісіне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Футболдан UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алған Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгінгі жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Оған жанкүйерлер де үлкен үлес қосты. Еліміздің барлық өңіріне барғанда халықтың құрама ойындарына ризашылығын байқадым. Сондықтан барша жанкүйерлерге алғыс айтамын. Олардың тарапынан бүгінгі ойында да қолдау ерекше болды. Жанкүйерлер стадионға көп жиналды. Жанкүйерлердің үлкен қолдауы екінші голдың соғылуына тікелей әсер етті. Футболшылар кездесу соңына дейін қарқынын бәсеңдеткен жоқ», - деді Магомед Адиев.
Сондай-ақ Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев Қазақстан футболшыларының жеңісін жоғары бағалап өтті.
«Қазақстандық футболшыларды бүгінгі жеңіс арқылы В дивизионына жолдама алуымен құттықтаймын. Олардың аталған кездесуге өте жақсы дайындалғаны байқалды. Шабуылға көбірек шығып, қарқынды ойын көрсетті. Кездесу барысында шәкірттерім қарсыластарымен өзара бәсеке барысында өрескел қателіктерге жол берді. Екінші кезеңде олардың тарапынан жинақы қимыл көре алған жоқпын. Қазір қай елде де футбол дамып жатыр. Сол себепті сіздердің құрамаларыңыз бұл бағытта дұрыс жолда келе жатыр деп есептеймін», - деді ол.