Бейсенбі, 29 Қыркүйек, 2022

Түркияда ресейлік тікұшақ апатқа ұшырады

Түркияда орман өртін сөндіру кезінде тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан Ресей Федерациясының екі азаматы қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Түркия Орман шаруашылығы бас басқармасының Twitter-дегі парақшасында жазылған.

«Сәрсенбі күні Мармарис аймағындағы Мугла провинциясында шыққан орман өртін сөндіру үшін Денизли провинциясының Чардак аймағында құлаған тікұшақ әуежайдан Кастамона қаласына жол тартты», – делінген хабарламада.

Жараланғандардың үшеуі Ресей азаматы, ал екеуі Түркия азаматы. TRT Haber телеарнасы RА-31591 нөмірлі ресейлік КА32 тікұшағы жалға алынғанын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button