Түркияда ресейлік тікұшақ апатқа ұшырады

22 қыркүйек, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Түркияда ресейлік тікұшақ апатқа ұшырады Түркияда орман өртін сөндіру кезінде тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан Ресей Федерациясының екі азаматы қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Түркия Орман шаруашылығы бас басқармасының Twitter-дегі парақшасында жазылған.
«Сәрсенбі күні Мармарис аймағындағы Мугла провинциясында шыққан орман өртін сөндіру үшін Денизли провинциясының Чардак аймағында құлаған тікұшақ әуежайдан Кастамона қаласына жол тартты», - делінген хабарламада.
Жараланғандардың үшеуі Ресей азаматы, ал екеуі Түркия азаматы. TRT Haber телеарнасы RА-31591 нөмірлі ресейлік КА32 тікұшағы жалға алынғанын хабарлады.