Бейсенбі, 29 Қыркүйек, 2022

Алматыда пәтерді жалға алу құны бір түнде 450-500 мыңға көтерілгені рас па?

Әлеуметтік желіде Алматыда пәтерді жалға алу құны бір түнде 450-500 мың теңгеге  дейін көтерілгені жайлы дерек пайда болды деп хабарлады  turkystan.kz.

Жалға берушілер мұны Ресейде ішінара мобилизация жариялануымен және Димаш Құдайбергеннің Алматыда өтетін концертімен байланыстырады. Ал сарапшылар Қазақстанға үдере көшіп келіп жатқан ресейліктердің саны көбейсе, баға тағы көтерілетінін айтады. Қазақстан біріккен риелторлар қауымдастығының мүшесі Болат Ақшуақовтың айтуынша, ірі мегаполистерде бір бөлмелі пәтердің жалға алу құны айтарлықтай аспандамады. Қазір бір бөлмелі пәтерді 200 мыңға алуға болады. Бірақ мигранттар саны арта түссе, бұдан да қымбаттауы мүмкін.

«Жылда қыркүйекте студенттердің келуіне байланысты пәтер бағасы бірден өседі. Қазан, қараша айында ғана сәл төмендейтін. Қазір баға тұрақтана бастаған еді. Ресейден мигранттар келіп жатыр. Осыған байланысты баға көтерілді. Әзірге Ресей, Украинадағы жағдай тұрақсыз болып тұр. Сондықтан олардың саны артқан сайын баға көтеріледі. Әрине, бір бөлмелі пәтер 400-500-ге қымбаттады деген сөз шындыққа жанаспайды. Бір бөлмелі пәтерді 200 мыңға жалға алуға болады.  Ал екі бөлмелі пәтер 250 мыңға дейін барады. Орналасқан ауданына байланысты. Ал люкс класты пәтерлер бұдан қымбат», – дейді Болат Ақшуақов.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button