Жаңалықтар

Халықтың қанша пайызы қазақша біледі?

ашық дереккөзі

Халықтың қанша пайызы қазақша біледі?

33 жыл бұрын, 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды. Жалпы тіл мәселесі әлі күнге дейін өзекті мәселе мінберінен түскен емес, дегенмен ресми деректер қазақ тілінің қолданыс аясы біршама кеңейген деген мәлімет береді. Сандарды сөйлетіп көрейік.

Халықтың 80 пайызы қазақша біледі

Ресми мәліметтерде 1991 жылы елімізде қазақша сөйлейтін халықтың үлесі 37 пайызболған деп көрсетілген. 2015 жылы бұл көрсеткіш 76,3 пайызға өссе, 2016 жылдың соңына дейін 82,3 пайызға жеткен. Ал 2021 жылғы халық санағының алдын ала мәліметтеріне сүйенсек, қазір қазақша білетін ел халқының үлесі – 80,1 пайыз.

Өзге ұлттардың тілді меңгеру деңгейі қандай?

Өзге ұлт өкілдері ішінде елде тұратын өзбектердің 72 пайызы, ұйғырлардың 71,7 пайызы, тәжіктердің 63,6 пайызы қазақ тілін біледі екен. Сонымен қатар еліміздегі әрбір төртінші неміс (25,2 пайыз), орыс (25,1 пайыз) және украин (23,7 пайыз) қазақ тілін меңгерген. Жалпы еліміздегі халықтың 15,9 пайызының ана тілі – орыс тілі, 3,2 пайызының ана тілі – өзбек тілі, 1,4 пайызының ана тілі – ұйғыр тілі деген мәлімет бар.