Жаңалықтар

Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

ашық дереккөзі

Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Асқар Бегманов Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. «Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада. Асқар Бегманов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Халықаралық мамандықтар институтын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі көмекшісі болып бастады. 2021 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде департамент директоры болды.