Бейсенбі, 29 Қыркүйек, 2022

Қасымхан БЕГМАНОВ: Сайлау – мемлекеттің басты саяси оқиғасының бірі

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты:

– Президент сайлауын өткізу – қашанда мемлекеттің басты саяси оқи­ғасының бірі ғой. Өйткені Президент қай елдің де басты тұлғасы. Оның үстіне, қа­зіргідей әлем алмағайып күй кешіп жатқан кезде ел тізгіні берік қолда бол­ғаны дұрыс.
Мен саясат ісіне араласқан немесе билікте істеген адам емеспін, бірақ өзге­лер сияқты халқымның амандығын, елімнің бүтіндігін ойлайтын азаматтың бірімін. Мұны мен сияқты өзге қаламгерлердің де ойлайтынына сенімдімін. Бұл саяси науқанға қазақ ақын-жазушылары мән беріп, бір идея, бір мақсат жо­лында топтасып жатыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел прези­денті болатын адам жеті жылдық бір мерзімге сай­лануға тиіс және Мемлекет басшысының отба­сы билікте болмауы керек деген ұста­нымы көңілге қонады. Жеті жыл мерзім­де қай президент бол­са да өз бағдарламасын жасап, оны іске асырады деп ойлай­мын. Сол үшінде елімізбен шекаралас елдерде тыныштық болмай тұр­­ған кезде Президент сайлауын дау-дамайға айналдырмай, хал­қымыз бұған түсі­ністікпен қарап, елдің болашағы үшін, аман­дығы үшін ауызбірлікпен өткі­зіп алғанымыз дұрыс.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button